Қоғам • 01 Сәуір, 2020

Кез келген қазақстандық тегін медициналық көмек алуға құқылы - А. Жұмағұлов

268 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Орталық коммуникация­лар қызметінде «Әлеуметтік медициналық сақ­тандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов айтты.

Кез келген қазақстандық тегін медициналық көмек алуға құқылы - А. Жұмағұлов

«1 қаңтардан бастап елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылу керек болатын. Алайда төтенше жағдайға байланысты ел Президенті тапсырма берген болатын. Осы тапсырмаға сәйкес 1 сәуір мен 1 шілде аралығында кез келген қазақстандық өзінің әлеуметтік немесе сақтандыру мәртебесіне қарамастан тегін кепілдендірілген медициналық көмекті міндетті әлеуметтік медициналық қызмет жүйесі қол жетімді болуы тиіс. Осы тапсырма бойынша бүгінгі күнде қор өз жұмыстарын жалғастырды. Бүгінгі күннен бастап медициналық информациялық жүйелер қазақстандықтар кез келген мессенжерлер арқылы өзінің мәртебесін көруге мүмкіндігі бар. 1 сәуірмен 1 шілде аралығында қазақстандықтар тұрақты түрде сақтандырылған болып есептелінеді. Бұл дегеніміз – кез келген қазақстандық міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне және тегін медициналық көмек тарапынан медициналық көмекті алуы құқылы» деді ол. 

Айта кетейік, Өткен жылдың қыркүйегінен бастап МӘМС бойынша 1406 бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істей бас­таған болатын.